«Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.Бүгінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар әлі дайын емес. Аталған факті бойынша «адамның өлімі» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ елорда полициясы сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты және өзге де деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтындығын ескертті.
Еске сала кетейік, 14 қазан күні Астанада «Ирина Кайратовна» тобының концерті барысында мобилограф Шахназ Жылқайдаров сахнада құлап, қайтыс болды.