Футболмен шұғылданған жас жігіт жақында коллежден шығып кеткен. Содан кейін ол есірткі сататын интернет дүкенге жұмысқа тұрған.
3 айдан соң ол ұсталды. Онда оралған пакет анықталды. Сараптама нәтижесінде оның ішінде жалпы салмағы 25,15 грамм болатын α-PvP психоактивті есірткіні анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру санкциясы 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейтін қылмыстық бап бойынша жүргізіледі. Жалпы есірткіні жасырушылар шамамен 2-3 ай жұмыс істейді. Содан кейін олар ұсталады. Ал есірткі сатушылар жеңіл ақша тапқысы келетін немесе кейде тіпті есірткінің дозасы үшін жұмыс істейтін басқа адамды іздей бастайды, - деді СҚО ПД Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Сапаров.
Айта кетейік, биыл 9 айда өңірде есірткі сатты деген күдікпен 102 адамды жауапқа тартты. Оның 48-і – 17-25 жаста. Айналымнан 730 келі есірткі, оның ішінде 2,2 келіден асатын синтетикалық есірткі тәркіленді.