«АрселорМитталТеміртау» басқарушысы күніне 1 миллион теңге көлемінде жалақы алып келген, деп хабарлайды Paryz.kz.
Finance.kz Telegram арнасының жазуынша, компания 2021 жылы өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 375,9 миллион теңге жалақы төлеген.
Компания өзінің басқарушысы Палаватху Кришнан Наир Биджуға 2021 жылы 375,9 миллион теңге жалақы төлеген. Мұны айға есептесек, 31,3 миллион, күніне 1 миллион теңге. 2022 жылғы деректер жоқ, компания оларды жай ғана қаржылық есептілік депозитарийінің порталына жүктемеген. Бірақ қаржылық есептер 31 тамызға дейін болуы тиіс болған, - делінген арнаның мәліметінде.
2020 жылы Балавату Кришнан Наир Биджу 344 миллион теңге алыпты. 2019 жылы оның алдындағы басқарушысы Парамжит Сингх Калонға 328 миллион теңге төлеген.
Бұдан бөлек, Телеграм-арна 2022 жылдың тамызында берілген соңғы есепке сәйкес 2021 жылы компанияның таза пайдасы 215 миллиард теңге болғанын жазды.