Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқан кеншілер саны 45-ке жетті

Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Костенко шахтасындағы апат: қаза тапқан кеншілер саны 45-ке жетті
Фото: ҚР ТЖМ

«Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды, 1 кеншіні іздеу жалғасуда», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, жұмыс бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде.

Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда.

Апаттың болжамды эпицентрін тексеру үшін ТЖ министрі Сырым Шәріпханов шахтаға түсті.

Тексеру барысында өрт пен жарылыстың әсеріне ұшыраған қазбалар қаралды, онда:

- шахта жабдығының бұзылуы және жылжуы;

-металл-аркалы бекіту элементтеріндегі шаң шөгінділері;

- желдету құрылыстарының зақымдануы анықталды.

Көзге көрінетін жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Сонымен қатар, Сырым Шәріпханов аварияны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия мүшелерімен отырыс өткізді.

Жұмыстарды жан-жақты қамтамасыз ету ТЖ министрінің жеке бақылауында. Жұмыс жалғасуда.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, апат кезінде шахтада 252 адам болған. 205 кенші жер бетіне шығарылды.