Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда биыл 53 мың жұмыс орны құрылды

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 53 мың жұмыс орны құрылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында іске қосылған «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» аясында жасалды, – деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда биыл 53 мың жұмыс орны құрылды
Фото: primeminister.kz

Бағдарламаның мақсаты – бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау.

Ағымдағы жылы осы карта аясында Алматыда 53 мың жұмыс орны, оның ішінде Ұлттық жобалар бойынша құрылған 16 мың жұмыс орны, жеке бастамалар аясында ШОБ субъектілері – 38 мың жұмыс орны.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының жастарды қаржыландырудың жаңа құралын ұсыну жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Еңбек министрлігі жастарға шағын несие беру жобасын іске қосты.

Жобаның мақсаты жастарды мемлекеттік қолдаумен қамтуды кеңейту болып табылады. Микрокредиттер өз ісін ашу немесе кеңейту үшін 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, мерзімі 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Алматы қаласы бойынша жобаны іске асыруға 667 кәсіпорын үшін 3,3 млрд. теңге бөлінді.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 400 АЕК-ке дейінгі гранттарды іске асыру жалғастырылды. Олар халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға конкурстық негізде ұсынылады. Мұндай гранттарды 188 адам алды. Грант қаражаты халықтың жекелеген әлеуметтік санаттарына жататын өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұмыссыздарға өздерінің бизнес-әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өздерін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, Жұмыспен қамтудың тиімді құралы ретінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту өзін көрсетті. 2022 жылы 3 мыңнан астам адам оқыды, оның 936-сы өз бизнесін ашты. Бұл ретте кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және кәсіпкерлік бастамалардың business.enbek.kz. Бірыңғай порталы арқылы гранттар беру бойынша бизнес-процестер автоматтандырылды.

Айта кетерлігі, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына азаматтар электрондық еңбек биржасы арқылы өз бетінше жұмысқа орналаса алады.

Қала экономикасының қарқынды өсіп келе жатқаны, қысқа мерзімді экономикалық индикатор жыл басынан бері 13,5 пайызға көтерілгені белгілі болды. Өңдеу өнеркәсібінің даму қарқыны (+21%)  бойынша Алматы елімізде тұрақты түрде бірінші орында келеді.

Мегаполис экономикасына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл ретте жеке инвестициялардың өсімі 7,3 пайызды құрады. Белсенді жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 341 мыңға дейін жетіп, 25,8 пайызға артты. Республикалық бюджеттің түсімі 38,4 пайызға өсіп, 3,91 триллион теңгеге дейін жетті. Жергілікті бюджеттің түсіміне қатысты жоспар 28,7  пайызға  (243 млрд теңге) асыра орындалды. Жыл басынан бері 58,7 мың жұмыс орны ашылды, оның 77 пайызы тұрақты жұмыс орны. 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімінің қарқыны 6,5 пайызға дейін жетеді деген болжам бар.Алматы экономикасына 1 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды.

Бұл жайында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Президент қабылдауында айтты. Әкім 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Жыл басынан бері 60 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Оның 77 пайызы тұрақты жұмыс орны. Жыл соңына дейін экономика өсімінің қарқыны 6,5 пайызға дейін жетеді деген болжам бар. Президент тұрғындарды сапалы сумен, су бұру желілерімен қамтамасыз етуді және әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобаларды одан әрі іске асыруға ерекше назар аударуды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 2023 жылдың басынан бері 53 мың жұмыс орны құрылды. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында іске қосылған «Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы» аясында жасалды. Бағдарламаның мақсаты – бос жүрген азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау.