Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда Қазақстан-Люксембург бизнес-форумы өтті

Алматыда Люксембург Ұлы Герцогтігі Сауда палатасының президенті Фернан Эрнстердің, Люксембург Сауда палатасының халықаралық байланыстар жөніндегі директоры Синди Теребаның, Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаевтың, Қазақстанның Ішкі сауда палатасы, «Қазақ Инвест» ҰК» АҚ, «QazTrade» АҚ, «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА» ЖШС және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Люксембург бизнес-форумы өтті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда Қазақстан-Люксембург бизнес-форумы өтті
Фото: Gov.kz.

Делегация құрамында Люксембургтен ақпараттық технологиялар, жоғары технологиялық өндіріс және қаржылық қызмет саласында жұмысын жүргізіп жатқан 14 ірі компанияның басшылары болды.
Люксембург ЕС елдеріндегі Қазақстанның ірі инвестициялық әріптесі болып табылады.

2022 жылы Люксембургтен Қазақстанға салынған тікелей шетелдік инвестициялардың ағыны 202,5 млн. АҚШ долларын (2021 жылы – 354,1 млн. АҚШ доллары) құрады. Қазақстанда «Eurasian resources group», «Arcelor Mittal», «Arendt & Medernach» және тағы сол секілді люксембург капиталының қатысуымен 178 кәсіпорын жұмыс істейді.

Люксембург іскерлік миссиясының бағдарламасы министрлік, ведомство және қазақстандық компания өкілдерімен 2023 жылғы 2-6 қазанға Алматы мен Астанада кездесуді көздеп отыр, оның нәтижелері бойынша әріптестік туралы нақты келісімдер күтілуде.
Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Qaz Trade» ҰК» АҚ Алматы қаласының индустриялық аймағының өкілдері Қазақстандағы инвестициялық ахуал туралы панельдік сессияға қатысты.

Бизнес-форум Go International сауда миссиясы аясында ұйымдастырылды. Люксембург делегациясының құрамында  Люксембург елшісі, Люксембург сауда палатасының президенті, Қазақстандағы БеНиЛюкс сауда палатасының президенті, сондай-ақ  технологиялар, жоғары технологиялық өндірістер және қаржылық қызметтер саласында жұмыс істейтін Люксембургтің 14 ірі компаниясы қатысты.

Бенилюкс сауда палатасының бас директоры Әнуар Куржекеев іс-шара барысында Қазақстан мен Люксембург арасындағы тауар айналымы осы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында 16 млн долларға жеткенін хабарлады.

Алматы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, бүгінде Алматыда 45 люксембургтік кәсіпорын тіркелген, оның 37-сі жұмыс істеп тұр. Люксембург пен Алматы қалалары арасындағы тауар айналымының көрсеткіші 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 4,7 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% - ға жоғары көрсеткіш.

«Қазақстан мен Люксембург  географиялық орналасуы ұқсастығынан басқа (Люксембург – Еуропаның ортасында, Қазақстан – Еуразияның ортасында) елдерімізде көптеген этностың өкілдері тұрады. Оларды өзара құрмет пен достық біріктіреді. Мұның бәрі елдерімізге жасыл, цифрлық экономика, ғылыми және технологиялық салаларда дамып келе жатқан ынтымақтастықтың «ортақ нүктелер» мен жаңа нишаларды табуға мүмкіндік береді. Бізде сауда-экономикалық салада ғана емес, білім, ғылым және мәдениет саласында да ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар. Студенттермен алмасу, бірлескен іскерлік, мәдени іс-шаралары өткізу, ғылыми жобаларды ұйымдастыру өзара терең қарым—қатынас орнатуға ықпал етеді», – деді Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Айнұр Баспақова.

Осы жылдың 2-6 қазанына арналған Люксембург іскерлік миссиясының бағдарламасы Алматы және Астана қалаларында министрліктер, ведомстволар және қазақстандық компаниялардың өкілдерімен кездесулерді қамтиды, олардың нәтижесі бойынша әріптестік туралы нақты уағдаластықтар жасалмақ.