Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасы төмендеді

Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді: қарақұмық жармасы (41,7%), күнбағыс майы (24,1%), қант (12,1%), картоп (8,9%), пияз (4,5%), ұн (2%), - деп хабарлайды Paryz.kz.

Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасы төмендеді
Фото: Gov.kz.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қалада «Форвардтық сатып алу» бойынша көкөністер, жұмыртқа, сиыр еті және әлеуметтік нан жеткізу туралы келісімшартқа қол қойылды. 

Биыл 1 қыркүйектен бастап «Магнум» сауда желісінде осы көктемде Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлерінен сатып алынған 20 мың тонна көкөніс сатылады. Бұған қоса, Алматы, Түркістан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының тауар өндірушілерімен азық-түлік тауарларын тікелей жеткізу бойынша меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды. Мысалы, Жамбыл облысының фермерлерімен 1 мың тонна пияз жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ қорларынан нан бағасын тұрақтандыру үшін қаланың негізгі ұн тарту кәсіпорындарына 9,4 мың тонна астық жеткізу пысықталды. 

Қаланың сауда желілерінде белгіленген, төмендетілген бағамен «Көксу қант зауытында» сатып алынған 3 мың тонна қант және Қызылорда облысынан өндірушілерден сатып алынған 1 мың тонна күріш сатылады.

Бағаны тұрақтандыру мақсатында қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жер-жерде әлеуметтік орындар ұйымдастырған. Сәйкесінше, мұнда көпшілікке ұсынатын өнім әлдеқайда арзан. Бұл кәсіпкерлер арасында бәсекелестік тудырады дейді мамандар.
Сала мамандары жыл басынан бері көкөніс бағасы 10,9 пайызға өскенін айтады.

Бұл маусымаралық кезеңде жылда қайталанатын жағдай дейді. Тамақ өнеркәсібімен айналысатын алыс-жақын елдімекендермен ұзақ мерзімге дейін келісімшарт жасалған. Соның нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы өспей, тұрақты сақталады дейді жауаптылар.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы әлеуметтік маңызы бар 19 тауар түрінің бағасына тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Салаға жауаптылар қалада көпшілікті біраз даурықтырған қант та жеткілікті дейді. Сауда желілері мен базарларға 2 жарым мың тонна шекер жеткізіліпті. Одан бөлек, тағы 7 мың тонна қант жеткізу жоспарланған.

Әлеуметтік нан қажеттілігін қаланың нан пісіру кәсіпорындары – «Ақсай нан» НТК» ЖШС, «Баширов» ЖК, «Рузи Нан» ЖШС, «Алматынан ХБК» ЖШС және «ДариНан» ЖШС толық қамтамасыз етеді. Сүт өнімдерінің жалпы қалалық қажеттілігінің 20,5%-ын «Агропродукт» компаниялар тобы мен «Маслодел» ЖШС жабады. Қалған 79,5%-ын Алматы облысының өндірушілері жеткізеді.

Қаланың күнбағыс майына деген қажеттілігінің жартысын жергілікті май зауыттары – «Евразиан Фудс Корпорэйшн» АҚ, «Масло-Дел» ЖШС және «ЭФКО Алматы» ЖШС қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, ШҚО, сондай-ақ Ресей өндірушілерінің өнімдері бар (5%). Көкөністер Алматыға Павлодар, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарынан жеткізіледі.

Қаланы ет өнімдерімен және жұмыртқалармен Алматы, Түркістан, Жамбыл облыстарының кәсіпорындары қамтамасыз етеді.

Естеріңізге сала кетейік, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, 2023 жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді: қарақұмық жармасы (41,7%), күнбағыс майы (24,1%), қант (12,1%), картоп (8,9%), пияз (4,5%), ұн (2%).