Атырау облысында жүргізуші қарсы бағыттағы көлікке соғылып, бір адам қаза тапты

26 қазан күні сағат 12:40 шамасында республикалық маңызы бар Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 794 шақырымы тұсында 1979 жылы туған азаматтың басқаруындағы «УАЗ» автокөлігі қарсы бағыттағы маркасы «DAF XF» автокөлігіне соғылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Атырау облысында жүргізуші қарсы бағыттағы көлікке соғылып, бір адам қаза тапты
Фото: видеодан скриншот

Атырау облыстық полиция департаменті хабарлағандай, нәтижесінде маркасы «УАЗ» автокөлігінің 1980 жылы туған жолаушысы түрлі дене жарақаты салдарынан қаза тапты. Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталып жатыр.

Сондай-ақ, «УАЗ» автокөлігінің жүгізушісіне Атырау облысы ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау керектігін ескерткен, алайда көлік жүргізушісі жасалған ескертулерге қарамастан жол апатының орын алуына себепші болғаны анықталды.