ШҚО-да қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

ШҚО-да қылмыс әлемінің өкілін ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді, деп хабарлады Paryz.kz. 

ШҚО-да қылмыс әлемінің серкесі ұсталды
Фото: polisia.kz

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп, Алматы қаласының 57 жастағы тұрғыны өзінің қылмыстық ниетімен облыс орталығына келіп, жергілікті тұрғынмен сөз байласып, жәбірленушіге және оның отбасына күш қолданамын деп қорқытып, оған тиесілі жер телімін өз пайдасына қайта рәсімдеуге мәжбүрлегенін анықтаған.

Қазір күдіктілердің екеуі де ұсталды. Олардың бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның тұрғылықты мекенжайын тінту барысында тиісті заңды құжаттар тәркіленді. Екіншісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы 2-бөлігі («Бопсалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

Әрі қарайғы тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.