Шымкентте ер адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
26 қазанда Әл-Фараби АПБ-ға Тәуке хан көшесі бойында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы қайтыс болған азаматтың жеке басын анықтады. Ол 1969 жылғы жергілікті тұрғын болып шықты, - делінген хабарламада.
Тексеру кезінде екі ер адамның арасында туындаған жанжал барысында жәбірленуші басынан алған соққыдан көз жұмғаны анықталды.
Жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" СДТБТ-ға тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 42 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазыргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.