Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Telegram мен WhatsApp та тыңдалады - бұрынғы вице-министр

Бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Қазақстанда барлық телефон тыңдалатынын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. 

Telegram мен WhatsApp та тыңдалады - бұрынғы вице-министр
фото: informburo.kz

Оның айтуынша, ҰҚК-ге барлық қоңырау жазбаларын тыңдау қолжетімді.

Қазақстанда телефондарды бақылау қиын емес. Барлық қоңырау жазбалары тыңдалады. Өйткені қазір бәрі сандық жүйеге ауысқан. Бұған дейін аналогтық болғандықтан қиынырақ еді, – деді ол.

Сондай-ақ Олжас Әбішев бәрі «Қазақтелеком» АҚ құрылымы арқылы өтетінін түсіндірді.

«Қазақтелеком» АҚ құрылымына Ұлттық қауіпсіздік комитеті толық қол жеткізе алады. Егер WhatsApp немесе Telegram арқылы сақтанамын деп ойласаңыз, бірден айтайын, бұдан пайда жоқ. Тіпті басқа тілде сөйлессеңіз де цифрлық аудармашылар бар», - деді ол.