Қарағанды ​​облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі көз жұмды

Қарағанды ​​облысындағы Топар ауылында сібір жарасын жұқтырған тұрғындардың бірі қайтыс болды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Қарағанды ​​облысында сібір жарасын жұқтырған науқастардың бірі көз жұмды
Фото: Kazpravda.kz

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Дәрігерлер қабылдаған барлық шараларға қарамастан, сібір жарасын жұқтырғаннан кейін жансақтау бөлімінде жатқан 1948 жылы туған науқас қайтыс болды. Пациенттің өлімі сібір жарасының ауыр сатысы және қатар жүретін аурулардың болуына байланысты болды. Сонымен қатар науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуі де өз әсерін тигізді», - делінген хабарламада.

Ауру жұқтырған қалған екі тұрғынның жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауында.