Елімізде 1,5 млн теңге жалақы алатын қанша адам бар екені белгілі болды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Биыл сәуірде қызметкерлердің санына есептелген жалақы мөлшеріне бөлу бойынша жыл сайынғы зерттеу жүргізілді.
Оның қорытындысы бойынша кәсіпорындар мен ұйымдардың көрсетілген тобы бойынша 2023 жылғы сәуірде толық жұмыс істеген қызметкерлер саны 3 млн 437,3 мың адам болды.
Зерттеуге барлық ірі кәсіпорын және кейін бас жиынтыққа таратыла отырып, орта және шағын кәсіпорындардың ішінара 30 пайызы іріктеліп, қатысты. Мұнда барлық қосымша ақы, үстемақы, сыйақы, салық пен зейнетақы аударымы ескеріліп, биыл сәуірдегі нақты есептелген жалақы туралы деректер пайдаланылды.
Биыл қызметкерлер жалақысының модальді мәні 81 377 теңге болды.