Тасмағамбетов: Еуразиядағы әскери-саяси шиеленіс үдеп жатыр

Өткір қақтығыстар көбінесе геосаяси текетірес құралына айналады, деді ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов.

Тасмағамбетов: Еуразиядағы әскери-саяси шиеленіс үдеп жатыр
Фото: ria.ru

Ол бейсенбіде "Еуразиялық қауіпсіздік: өзгермелі әлемдегі шындық пен келешек" атты жоғары деңгейдегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі.

"Мамандар бірнеше жылдан бері Еуразиядағы әскери-саяси шиеленістің үдеп жатқанын айтуда. Мұндай стратегиялық тұрақсыздық жағдайында көптеген тыныш жатқан қақтығыстар күрт ушығып, жаңа қақтығыстар пайда болып жатыр", - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Оның айтуынша, ҰҚШҰ бірігу принципін үнемі ұстанады.

"Жағдай барлық жаһандық және аймақтық орталықтардың, соның ішінде әскери-саяси одақтардың назарын арттыруды талап етеді", - деп атап өтті ҰҚШҰ Бас хатшысы.