Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Таразда жер сілкінді

26 қазанда Жамбыл облысы аумағында, Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz 

Таразда жер сілкінді
Фото: Pixabay

"СТӘЭ" таратқан ақпарат бойынша, сейсмикалық станциялар желісі 26 қазанда Астана уақыты бойынша сағат 11:38-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі шамамен 5 шақырым тереңдікте Айша-Бибі ауылына жақын жерде болған.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан батысқа қарай 482 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6, магнитудасы – 4,5, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Сейсмологтар жер сілкінісі Қазақстанда сезілмегенін хабарлады. Алайда тараздықтар жерасты дүмпуін сезгенін алға тартты.