Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бас прокуратура Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанын растады

21 қазанда Әділет экс-министрі Марат Бекетаевтың ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Экс-министрге тағылған айып: үлестес компанияның мүддесін қолдаған, оның бұл әрекеті мемлекетке ірі көлемде залал келтірген.

Бас прокуратура Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанын растады
фото: kursiv.kz

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаевтың қалай ұсталғанын айтты.

Мемлекетке ірі көлемде залал келтірді, өкілеттігін теріс пайдаланды деген деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шынымен де экс-министр Марат Бекетаев елден қашпақ болғанда ұсталды. Қылмыстық-процестік кодекс бойынша тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жарияланбайды, - деді Әсет Шындалиев Сенат кулуарында.