Ұлттық статистика бюросы елде Қазақстан және Республика есімді қанша адам бар екенін хабарлады.
Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда Республика есімді адам жоқ.
Бірақ Казахстан немесе Қазақстан деген есім 31 адамға қойылған. Олардың бірі – әйел, қалғаны – ер. Олардың 8-і Ақмола облысында, 7-еуі Қарағанды облысында, 5-еуі Астанада, 3-еуі Қостанай облысында, 2-еуі Шымкент пен Маңғыстау облысында тұрады. Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бірден.