Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстанда «Бәcе» YouTube-арнасының авторларына іздеу жарияланды

Қазақстанда «Бәcе» YouTube-арнасының авторлары Наталья мен Айдос Садықовтарға іздеу жарияланды.

Қазақстанда «Бәcе» YouTube-арнасының авторларына іздеу жарияланды
Фото: qamqor.gov.kz

Аталған ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, аталған тұлғаларға сот санкциясымен 23 қазанда Қылмыстық кодекстің 174-бабы «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық немесе діни араздықты қоздыру» бойынша іздеу жарияланған. Садықовтарды іздеуге ІІМ бастамашы болған. Іздестіру жұмыстарын  Астана қалысың Алматы аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

Еске салайық, сот Наталья Садықованы қамауға алу туралы 2014 жылы сырттай қаулы шығарған. Сол кезде хабарланғандай, Садықоваға қатысты адамға сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен қоса жала жапты деген айып таққаны үшін қылмыстық іс қозғалған.