Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Сырдарияда табиғи газды пайдаланатын тұрғындар саны артады

2023 жылы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қалжан ахун елді мекеніне жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жобасына мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде, мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-гі анықталды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Сырдарияда табиғи газды пайдаланатын тұрғындар саны артады
фото: Paryz.kz

Аталған мердігер мекемемен келісім шарт жасалып, елді мекен бойынша жалпы ұзындығы 19,7 км құрайтын газ құбырлары жүргізілді. Тұрғын үйлерге арналған 149 дана газ құбыры түтігі орналастырылып, бүгінгі таңда, 5 дана газ реттегіш шкаф пункттері орнатылды.  Бүгінгі таңда, газ құбырының тиісті құрылғыларын орнату жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, С.Сейфуллин А.Тоқмағанбетов елді мекенін газбен қамтамасыз ету жобасының басталуына облыстық бюджеттен - 20,0 млн.теңге қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы мемлекеттік сатып алу нәтижесінде «АЭS and Limited» ЖШС-і мердігер мекеме ретінде анықталды. Елді мекендер бойынша жалпы ұзындығы 48,6 км құрайтын газ құбырлары жүргізіліп, 882 тұрғын үй табиғи газбен қамтылатын болады. 
Бүгінгі таңда, мердігер мекеме елді мекендерде 6,6 км құрайтын жоғары қысымдағы газ құбырын тарту жұмыстарын атқаруда. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.        


Айта кету керек, бұған дейін Тереңөзек кенті толығымен газбен қамтамасыз етілген болатын. Алдағы уақытта Қалжан Ахун, А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин ауылдарымен қоса, аудандағы ең үлкен және іргелі ауыл Шаған ауылын көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Шаған ауылын газдандыру жобасы қаржы бөлу үшін республикалық бюджетке ұсынылды.