Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтаудағы екі баланың өлімі: бас санитар оқиғаның мән-жайын айтып берді

Ақтау қаласының санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова екі баланың қандалаға қарсы улы химикаттан қалай уланғанын айтып берді, деп хабарлайды Paryz.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Ақтаудағы екі баланың өлімі: бас санитар оқиғаның мән-жайын айтып берді
фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Қаладағы 7-ші шағын ауданда пәтер иесі өз үйінеқандалаға қарсы улы химикатты шашып кеткен. Одан үстіңгі қабатта тұратын отбасы уланып қалған. Екі бала көз жұмды.

"Эпидемиологиялық тергеу кезінде төмендегі пәтерде белгісіз дәрі сеуіп дезинфекция жасалғаны анықталды. Ол препараттың қайда шығарылғаны және құрамы белгісіз. Жалпы пәтерде 30 данасы қойылған. Санитарлар зертхана мамандарымен бірге сол үйде және көрші пәтерлерде ауаның сапасын тексеріп шықты. Өңдеу жасалған пәтерде және жоғары қабаттағы үйде аммиактың тым көп мөлшері анықталды. Сондай-ақ көміртек тотығы шамадан көп болған. Соның салдарынан адамдар уланып, екі бала қайтыс болды", - деді Жарылғасова бүгінгі брифингте.

 

Санитарлар үй иесінен улы химикатты қайдан алғанын да сұрады. Әйел препаратты Алматыдағы базарлардың бірінен сатып алғанын айтты.

"Ол кісі жәндіктерге қарсы тиімді препараттың жарнамасын көріп, сатып ала салған. Сөйтіп, оны Алматыдан алып келді. Ондайда, көбінесе, балалар зардап шегеді. Ал көміртек тотығы ауаға қарағанда жеңіл болғандықтан, жоғары қарай көтеріледі. Сол себепті төменгі пәтерге бармаған. Балалардың жағдайы кешке қарай нашарлап кеткен. Анасы тұмау деп ойлап қалған болуы керек. Ал таңға қарай ересектер де өздерін нашар сезінген. Дереу жедел жәрдем шақырылды", - деп атап көрсетті бас санитар.

Осы орайда қаланың бас санитары тұрғын үйлерде өздігінен улы химикаттарды пайдалануға қатаң тыйым салынғанын ескертті.

"Бұл жалғыз жағдай емес. 2016 жылдан бері пандемияға дейін Ақтау қаласында токсикалық уланудан адам өлімі бірнеше рет тіркелген. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Улы химикаттар сатылатын орындар да анықталды. Соған қарамастан, қалада тағы екі бала қайтыс болды", - дейді Жарылғасова.