Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Mақтаған адамдардың бірімін». Мырзатай Жолдасбеков Назарбаевты «сүріндірген» кімдер екенін атады

Қоғам қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков AIQYN YouTube-арнасына берген сұхбатында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget сайтына сілтеме жасап. 

«Mақтаған адамдардың бірімін». Мырзатай Жолдасбеков Назарбаевты «сүріндірген» кімдер екенін атады
Фото: видеодан скриншот

Мырзатай Жолдасбеков өзінің Назарбаевты мақтағандар қатарында болғанын айтты.

"Мен мақтаған адамдардың бірімін. Мақала да жаздық. Мақтайтын да жөні бар еді. Халқымыздан талай даналар, билер, шешендер шықты. Солар Тәуелсіздіктің жолында басын бәйгеге тікті. Осы Тәуелсіздікке Назарбаев жетті. Тәуелсіздікті орнатты, баянды қылды, Қазақстанды мойындатты. Аз жұмыс емес. Біз сол кезде Әбіш Кекілбаев бар, қасында болдық. Бізді біріктірген Тәуелсіздік идеясы еді. Біз ешкімнің қалтасына қол салғанымыз жоқ. Не істеп, не қойып жатқанын онша білгеніміз жоқ. Бірақ кейін естідік. Ол кезде Назарбаев болмағанда, Қазақстанға көз тіккен ел көп болды. Орыстар бәрібір қайтып келесіңдер деген әңгіме айтты. Бұның (Назарбаевтың - еск.) еңбегі өте зор", - дейді ол.

Ғалымның сөзінше, Назарбаевқа әсер еткен - айналасындағы адамдар.

"...Еміс-еміс еститінбіз. Бірақ "неге бүйтесің, неге бүйтесің" дейтін мүмкіндігіміз жоқ қой. Оншалықты деп ойлағанымыз жоқ. Кейін естіп жатырмыз. Бұл кісіні сүріндірген төңірегі деп ойлаймын. Жақындары бар, інілері бар, қыздары бар, құда-жекжаттары - бәрі есіріп кетті. ...Бір жағынан Назарбаевқа жаның ашиды. Сонша нәрсе істеп, бірнәрсеге ақыл жетпегені. "Дүние деген сары алтын, талайларды алдаған" деп Төле би бабамыз айтқандай, соның бәрін біле тұра істегеніне таңғаламын", - дейді ол.