Кәсіпкер «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)

Белгілі кәсіпкер, меценат Сырымбек Тау «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссері Мұрат Есжанға автокөлік сыйлады, деп хабарлайды Paryz.kz. 

Кәсіпкер «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне көлік сыйлады (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қуанышты жаңалықты Бурахан Даканов өзінің Facebook парақшасында жазды. Автокөлік кілтін тапсыру жаңа кеңсенің ашылу салтанатында өтті.

Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оған автокөлік сыйлауды ұйғардық, - деді Сырымбек Тау.

Режиссер Мұрат Есжан мұндай сыйлықты күтпегенін жасырмай айтты.

Мен бұлай болады деп күткен жоқпын. Шын мәнінде, мені компанияның жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына шақырған еді. Бірақ осындай сыйлық ұсынып жатыр. Шынайы ықылас-ниеттеріне алғыстан басқа айтарым жоқ, - дейді ол.