Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодар облысында тағы бір ауылдың атауы қазақшаланады

Павлодар облысының Тереңкөл ауданына қарасты Львовка ауылының атауы өзгереді, деп хабарлады Paryz.kz Pavlodarnews сайтына сілтеме жасап. 

Павлодар облысында тағы бір ауылдың атауы қазақшаланады
Фото: pavlodarnews.kz

Бұрын Верненка ауылдық округі халық арасында Алтай деп аталған. Кейін оның атауы Львовка деп өзгертілген. Енді жергілікті тұрғындар ауылдың бұрынғы атауын қайтарғысы келеді. 

Биыл ауыл жиынының шешімі бойынша Львовка ауылын Алтай деп өзгертуді шештік. Барлық қажет құжатты ономастика комиссиясына жібердік. Оң нәтиже шықса, Алтай ауылдық округі және Алтай ауылы деген атау беріледі, – деді Верненка ауылдық округінің әкімі Алтынай Дүйсембаева.

Оның айтуынша, бүгінде ауылда 587 адам тұрады.