Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Өскеменде танысын пышақтап өлтірген әйел түрмеде некеге тұрып алды

Абай облысындағы әйелдер колониясында сотталған Марина есімді әйел сүйіктісімен некесін қиды.

Өскеменде танысын пышақтап өлтірген әйел түрмеде некеге тұрып алды
фото: polisia.kz

Мен сүйіктімді көптен бері білемін, бірақ ол жақын жерде болған кезде бізде отбасын құру туралы ой болған жоқ. Бірақ қашықтық бізді жақындатты. Бір-бірімізге қаншалықты қажет екенімізді түсініп, жалғыз дұрыс шешімді таптық. Қарым-қатынасымызды заңдастырып, некемізді тіркедік. Мекеме әкімшілігі бүгін бізге ерекшелік жасап, неке жүзіктерін пайдалануға рұқсат берді. Болашаққа жоспарымыз көп, - деді ол.

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылған Марина колонияға Өскемен қаласынан 2 ай бұрын ғана келген. Оған алкоголдік масаң халде танысын пышақтап өлтіргені себеп. Алайда сүйіктісінің сезімін жаза мерзімінің енді ғана басталғаны да тоқтата алмаған.

«Некені тіркегеннен кейін жас жұбайлар бірінші ұзақ кездесуге құқылы. Жыл басынан бері әйелдер колониясында 3 сотталған отау құрды», - деді түрмедегі тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы Ақмарал Қайранова.