Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады, деп хабарлады Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.
Бүгін Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы» парламенттік тыңдау өтіп жатыр.
Отырыста «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша қаржылық сарапшысы Мақпал Ғабдул сөйледі. Ол қазақстандықтардың «несие алу ауруына» шалдыққанын атап өтті.
Ерлан Қошанов сарапшының пікірі маңызды екенін атап, содан кейін депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады.
Мақсат Толықбай, қатысып отырсыз ба? Сөйлеп жатыр ғой. Асығып отырсаңыз, бара беруіңізге болады, - деді Мәжіліс төрағасы.