СҚО-да егістік алқабынан ер адамның сүйегі табылды

Солтүстік Қазақстан облысында осы жылдың шілде айында іздеу жарияланған ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Paryz.kz. 

СҚО-да егістік алқабынан ер адамның сүйегі табылды
Фото: inform. kz

Волонтерлер Петропавл тұрғынының өлі күйінде табылғанын мәлімдеді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ведомствоның сауалына қыркүйек айында Қызылжар ауданы Вишневки ауылынан төрт шақырымдай жердегі егістік алқапта жергілікті тұрғын шөп шабу кезінде адамның қаңқа қалдықтарын тауып алғаны туралы жауап берген.

«Сараптама қорытындысы бойынша табылған мәйіт 2023 жылдың 27 шілдесінде үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған 44 жастағы Петропавл тұрғынына тиесілі», - делінген ақпаратта.

Осы уақыт бойы ер адам іздеуде болды. Оны полицейлер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар іздестіруде.