Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақсуда адам ұрлап, ақша бопсалаумен айналысқан топ мүшелеріне сот үкімі шықты

Ақсуда ақша ұрлау және бопсалау деректері бойынша қылмыстық іс аяқталып, төрт қала тұрғынына сот үкімі шықты, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Ақсуда адам ұрлап, ақша бопсалаумен айналысқан топ мүшелеріне сот үкімі шықты
Коллаж: Azattyq Ruhy

Белгілі болғандай, бір топ адам алдын ала сөз байласу арқылы адам ұрлаумен, зорлық-зомбылық көрсетіп, тонау әрекеттерімен айналысқан және бірнеше рет ақша бопсалаған.

«Тергеу деректері бойынша, 2022 жылдың 9 қарашасында қаскүнемдер екі қала тұрғынын ұрлап, гаражда ұстап, ұрып-соғып, өздеріне пәтерін, көліктерін және екі миллион теңге беруді талап еткен. Сонымен қатар қылмыскерлер жәбірленушінің бірінің әйелінен ақша бопсалаған. Екіншісінің 19 мың теңгесін алып алған. Үшінші қала тұрғынын «беделіне нұқсан келтіретін ақпарат таратамыз» деп қорқытып, 7 миллион теңге бопсалаған», - деп жазады басылым.

Істің барлық мән-жайын ескерген сот төрт қылмыскерді жеті жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.