Бүгін – Құтқарушылар күні Астанада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің бюсті ашылды. Оның ашылу салтанатына қала әкімі Жеңіс Қасымбек қатысып, қаһарманның ерлігі мәңгі есте сақталатынын айтты.
Оның жанқиярлық әрекеті, қаһармандығы мен батылдығының арқасында адамдар құтқарылды. Асқар Забикулиннің ерлігі жүрегімізде мәңгі сақталады, – деді ол.
Бюст №6 Мамандандырылған өрт сөндіру бекетінің аумағында орналасқан. Сол сияқты батырдың құрметіне көше атауы беріліп, ескерткіш тақта орнатылды.
Құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын!, – деді қала әкімі, – Сіздер мыңдаған адамның өмірін ажал аузынан құтқарып қалдыңыздар. Сіздердің мамандықтарыңыз үлкен құрметке ие әрі қауіпті. Бәріңізге қызметтен ылғи да аман-есен оралуды тілеймін!