Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Бала кәмелетке жетпей қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінген қаржы туыстарына беріле ме?

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров егер бала кәмелетке жетпей қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінетін қаражат кімге берілетінін айтты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Бала кәмелетке жетпей қайтыс болса, Ұлттық қордан бөлінген қаржы туыстарына беріле ме?
фото: Halyq Uni

Мәжілістің жалпы отырысынан шыққан министрге журналистер «Бала 18 жасқа дейін қайтыс болса, Ұлттық қордағы қаражат кімге беріледі? Балаға тиесілі төлемді оның ата-анасы немесе бауырлары алуы мүмкін бе?» деген сұрақ қойды.

Әлібек Қуантыров бұл мәселе заң жобасын дайындау барысында пысықталғанын айтты.

Біз алғашында тұжырымдаманы әзірлегенде ақшаны (Ұлттық қорға) қайтаруды көздейтін норма болды. Содан кейін (бала қайтыс болған жағдайда Ұлттық қордан оған берілетін қаржы – авт.) ақша ата-анасында қалады немесе сол отбасындағы басқа балалардың арасында бөлінеді деген шешімге келдік, - деді ведомство басшысы.