Абай облысында шетелдік азамат есірткінің аса ірі партиясымен ұсталды, деп хабарлады Paryz.kz.
Абай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс прокуратурасының үйлестіруімен синтетикалық есірткінің аса ірі партиясымен 35 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Шетелдіктің тұрғылықты жерін тінту барысында тыйым салынған заттың 2 пакеті, сондай-ақ өлшеп-орауға және өлшеуге арналған құрылғылар: таразы, электр таспасы және пакеттер табылды.
Тергеу барысында көрші елдің тұрғыны облыс орталығында бетбелгілерді тарату арқылы синтетикалық есірткі сатуды жоспарлағаны белгілі болды. Сараптама қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған зат салмағы 71,49 грамм мефедрон психотроптық заты болып шықты. Сондай-ақ салмағы 81,67 грамм Альфа PVP психотроптық заты табылды. Есірткі құралдарының жалпы салмағы – 153,16 грамм.
Мәселен, өңірдің полицейлері 1 мың 500 бір реттік дозаны жеткізуге жол бермеді. Көлеңкелі нарықта бұл партияның құны 4 миллион теңгеден асады. Аталған факті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – делінген хабарламада.
Қазір жедел уәкілдер Абай облысына есірткі жеткізудің өзге де арналарын анықтап жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды