Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

«Несие алуға өтініш бердіңіз бе?»: Алаяқтар енді WhatsApp арқылы алдай бастады

Жетісу облысында интернет-алаяқтардың WhatsApp мессенжерін пайдалану жағдайлары жиілеп кеткен. Олар сіздің атыңыздан жасалған банк операциялары жайлы мәлімдейді екен, деп хабарлайды Paryz.kz ақпарат порталы.

«Несие алуға өтініш бердіңіз бе?»: Алаяқтар енді WhatsApp арқылы алдай бастады
Фото: Pixabay

WhatsApp мессенжерімен қоңырау шалған алаяқтар өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, қауіпсіздік және алаяқтықтықтан қорғау үшін аталған қосымша пайдаланылатынына сендіреді. 

Мысалы, "Сіз онлайн несие алуға өтініш бердіңіз бе?", "Басқа қаладан карта ауыстыруға өтініш тіркелді", "Өтінімді растайсыз ба?", "Сіз Каспи және Халық банкінің клиентісіз бе?" және т. б.

Егер сізге осылай қоңырау шалса, ешқандай мәлімет бермеңіз және әңгімені дереу тоқтатыңыз. Себебі банк қызметкерлері жұмыс қоңырауына WhatsApp мессенжерін қолданбайды. Күмән туындаған жағдайда қаскүнем болып көрінетін ұйымның ресми байланыс нөміріне қайта қоңырау шалыңыз, сондай-ақ 102-ге хабарласыңыз, – деп ескертеді Жетісу облыстық полиция департаменті.