Мысықты өлтірген ақтаулық сотталды

Ақтауда мысықты өлтірген ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлады «Мой город» порталы.

Мысықты өлтірген ақтаулық сотталды
Фото: egida.by

Максик атты мысық жоғалып кеткен. Иесі оны іздегенімен нәтиже болмаған.

«Шанс» қорының еріктілері Максиктің тұрғын үйдегі ашық тұрған есіктердің біріне кіріп кеткенін айтады. Сонда оны еден жуатын құралмен (швабра) ұрып өлтірген.

12 қазанда Ақтау қалалық сотында қатыгез тұрғынға үкім шықты.

Сотталушы мысықтың басы мен денесін еден жуатын құралмен ұрған. Жануардың денесінен қан аққан. Содан кейін айыпталушы оны пәтерден шығарып, тұрғын үйдің кіреберісіне тастай салған. Ер адамның қатыгездігінен мысық өлді, - деп жазылған хабарламада.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Судья оны 100 сағат қоғамдық жұмыс тарту жөнінде жаға тағайындады.