13.10.2023, 14:54

Астанада биіктен құлаған альпинистерге қатысты тың ақпарат жарияланды

Фото: almaty.tv

Елордада биіктен құлап, жарақат алған өндірістік альпинистердің жағдайына қатысты ақпарат жарияланды, деп хабарлады Paryz.kz.  

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12 қазанда қаладағы №2 мемлекеттік көпбейінді ауруханаға биіктен құлаған альпинистер жеткізілген.

Зардап шеккен 3 адамға көптеген жұмсақ тіннің жарақаты, қабырғасы, жамбас сүйектерінің жабық сынуы, ішкі ағзаларының зақымдалуы, есеңгіреген деген диагноз қойылды. Науқастар қарқынды терапия палаталарына орналастырылды. Оларға шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілді, - деп жазылған хабарламада.

Алайда 12 қазанда 1999 жылғы жігіт алған жарақат салдарынан кешкі сағат 17:40-та көз жұмған.

Қалған альпинистер де ауыр халде жатыр

Бүгінде 2 науқас (1999 және 2002 жылдары туған)  реанимация және қарқынды терапия бөлімінде емделіп жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр, - деп жазылған хабарламада.