Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Оралдағы балабақшада сорпаға күйіп қалған баланың жағдайы әлі ауыр

Оралдағы "Балбөбек" мемлекеттік балабақшасында сорпаға күйіп қалған үш жасар қыздың жағдайы әлі ауыр, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Оралдағы балабақшада сорпаға күйіп қалған баланың жағдайы әлі ауыр
Фото: видеодан скриншот

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, бала аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың беті, кеуде тұсы мен аяғы күйген. Есін біледі, тамақты өз бетінше ішеді, бірақ әлі біраз уақыт ем қабылдауға тиіс.

Оқыс жағдайдан кейін балабақшаның меңгерушісіне қатаң сөгіс берілді. Ал тәрбиеші мен оның көмекшісі жұмыстан шығарылды. Тергеу жүріп жатыр.

ІІ, ІІІ дәрежелі күйік. Көлемі 20-25 пайыз деңгейде. Ауырсынуға қарсы, интенсивті шокқа қарсы емдерін қабылдауда. Жаралары күнделікті байланып, танылып жатыр. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты ауыр. Екі-үш аптадан бастап, бір айға дейін созылатын ем ғой, - деді Облыстық көпбейінді балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Болат Әлібаев