Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Шымкентте басқарма басшысы 1 млн теңге пара алу кезінде ұсталды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әкімдіктің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасы басшысының заңсыз әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Шымкентте басқарма басшысы 1 млн теңге пара алу кезінде ұсталды
Фото: pixabay

Антикордың мәліметінше, ол өзінің қарамағындағы жұмысшыдан еңбек шартын ұзартқаны және қызметтегі жалпы қамқорлығы үшін 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - делінген ведомство ақпаратында.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.