Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Халық жазушыларына» қанша теңгеден беріледі

«Халық жазушысы» атағын алғандарға 17 954 теңгеден берілетін болды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

«Халық жазушыларына» қанша теңгеден беріледі
фото: b

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Жүдебаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

Айтуынша, мемлекеттік мекемелерде қызмет етіп жүрген «Қазақстанның халық жазушысы» атағын алғандарға тиісті үстемақы қарастырылған.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және әдебиет саласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі. Сондай-ақ ұлт әдебиетін жаңа деңгейге көтерген, әдеби шығармашылық ортаның ең жоғарғы сыйлығын алады, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Белгілі болғандай, бұл атақ Республика күні қарсаңында беріледі деп отыр.

«Халық жазушысы» атағы – дебиет саласындағы ең жоғары атақ. Үкіметтің тиісті қаулысы бар. Бұл тұрғыда ол кісілер мемлекеттік мекемеде жұмыс істесе, онда тиісті үстемақы төленеді. Ал жұмыс істемесе төлем жасалмайды. Жалпы, бұл ретте ешқандай қаржылық есетеулер қарастырылмаған. Бұл кісілер Мәдениет және ақпарат министрлігінің тиісті мемлекеттік мекемелерінде қызмет етсе, 17 954 теңге сомасындағы үстемақыны алады, - деді вице-министр.