Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

«Жатыры мен қуығы түгел жоқ». Сарыағашта бесінші баласына жүкті болған әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды

Сарыағаштағы перзентханада 35 жастағы әйел мен құрсағындағы бала көз жұмды. Әйелдің туысқандары оның жұмбақ өліміне қатысты мән-жайды ашып айтты, - деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Жатыры мен қуығы түгел жоқ». Сарыағашта бесінші баласына жүкті болған әйел жұмбақ жағдайда көз жұмды
Фото: massaget.kz

Бұл туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды. 35 жастағы Лаура Жүсіпова бесінші баласына жүкті еді. Дәрігерлер әйелдің де, баланың да өлімін түсіндіре алмаған. Қайғылы оқиға 12 наурызда болған. 

Көз жұмған әйелдің туыстарының айтуынша, мәйіт сараптамаға жіберілген. 

Лаура Жүсіпованың анасы Гүлайша Жүсіпованың айтуынша, 4 жыл бұрын қызының кенжесі қайтыс болған. Ал 4 ұлдан кейін дәрігерлер дүниеге қыз келеді деген. Лаура Жүсіпова мүлдем ауырмаған, денсаулығы жақсы болған. 

«Қызым қарауыз қалған. Денесінің бәрі көк. Креслоға аяғы сүйретіліп қалған. Дәрігер болғасын білесің ғой. Ішін ашқан кезде жатыры да, жатыр түтікшелері мен аналық безі, қуығы және қуық түтікшелері болмай шықты», - дейді марқұмның анасы.

Көз жұмған әйелдің күйеуі Нұрбол Мелдеев те жарының денсаулығы жақсы болғанын айтады. Дәрігерлер әйелдің жүрегі тоқтап қалғанын айтқан.

«Сараптама тез болды. Денесін үйге әкелдік. Туған әпкем, жеңгем жуындырды. Сол кезде басының көгергенін, иегінің көгергенін, қан тоқтамай жатқанын айтты. Басында жарақаты болды. Тігілген иненің іздері болды. Кешкі 17:00 шамасында Ішкі істер министрлігінен хабарласты. Сол кезде мен перзентхана атына арыз жаздым. Келесі күні қайта сараптама жасалды. Әйелдің серігі жоқ болып шықты. Дәрігерлер бірінші сараптама жасаған патологоанатом алып кеткенін айтты», - деді күйеуі. 

Марқұмды қабылдап алған дәрігер Лаура Касимова әйелде көк тамыр болғанын алға тартты. Алайда күйеуі оны жоққа шығарды. 

«Күшене бастады. «Қорқып жатырмын» деді. Бір кезде көгере бастады. Бірден қоңырауға басып, барлық дәрігерді шақырдық», - деп жауап берді акушер-гинеколог Гүлмира Әбілдинова.

Ал акушер-гинеколог Бота Ботабекованың айтуынша, әйел босанып үлгермеген. 

«Әйел босанып үлгерген жоқ еді. Әйелдің өмірін сақтап жатқанда, УЗИ шақырттық, бала шетінеп кеткен», - деді ол. 

Мәйітті жуған әпкесі Ұлжалғас Мелдеева сұмдық жайтты айтып берді. 

«Алып келді, Лаураның басы сылқ ете қалды. Үлкен әпкем басын ұстап қалғанда оның қолы қан-қан болып қалды. Қорқып кетті. Бір жағы көгерген, мойны жырылған. Қан түнімен тоқтаған жоқ. Еш жерден тоқтаған жоқ, тіпті біз памперс кигіздік. Басында тесік бар. Тесіктің орнында былқылдаған бірнәрсе бар, бинт тығып қойған», - дейді ол. 

Бұл дерек Сарығаш АПБ-ның бірыңғай тізіліміне тіркелген, соталды тергеп-тексеру басталған.