Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Израильдегі қазақтар: «Жолды көтере алмайтын науқастар бомбадан қорғанатын жерде қалуға мәжбүр»

Израильге емделуге барған отандастарымыз елге кері қайтудың амалын іздеп, бомбадан қорғанатын жерлерде тығылып отыр. Соғысып жатқан елден қалайда шығып кеткісі келген басқа елдің азаматтары өздерімен бірге ала кетуді сұрап, отандастарымызға өтініш жасап жатыр. Тель-Авив қаласында жүрген жерлестерімізбен Azattyq Ruhy тілшісі хабарласып, халықтың жағдайын білді.

Израильдегі қазақтар: «Жолды көтере алмайтын науқастар бомбадан қорғанатын жерде қалуға мәжбүр»
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қарлығаш Өтепбергенқызы Израильдің Хайфа қаласына қыркүйек айының аяғында ғана оқуға барған. Медицина саласы бойынша білімдерін жетілдіруге барған дәрігерлер небәрі үш күн ғана білім алған. Соғыс жағдайына көшкен елде білім алдуы тоқтатуға мәжбүр болған жерлестеріміз қазір Тель-Авивтегі әуежайда отыр. Отандастарымыздың бір тобы бүгін түнде Алматыға келеді. Қарлығаштың айтуынша, Израиль халқы соғыс жағдайына қашанда дайын жүреді. Оқудағы қазақстандықтарға да бомбадан сақтанатын жерді көрсетіп, оның есігінен кіретін арнайы код берген.

«15 студент болып Хайфа қаласына оқуға келгенбіз. Соғыс басталғанда бәріміз қорықтық. Елдің көзінде қорқыныш, үрей бар. Бізге сабақ беретін дәрігерлер өздерін, балаларын ұрлап кетеді деген үрейде. Бәрімізге төтенше жағдайда қолданатын арнайы сумкаларды таратты. Түнде де сол сөмкені құшақтап ұйықтап жүрдік. Соғысқа, шабуылға үнемі дайын халық екен. Әрбір жерде бомбадан қорғанатын орындар бар. Халық сол жерлерге тығылады. Бізге де сол «Бомбоубежищеге» кіретін арнайы код берді. Біз оқуға келген қала Хайфа қаласы елдің оңтүстігінде. Бұл жақта тыныш еді, Ливандар шабуылға шыққан соң бұл жақтан да тыныштық кетті. Соғыс солтүстікте жүріп жатыр. Ракета құлап, бомба түсе ме деген қорқышын болды. Ақылдаса келіп оқуды тастап, елге қайтайық деген шешімге келдік», - деді УЗИ дәрігері Қарлығаш Өтепбергенқызы.

AMP

Сол жақтағы жерлестеріміздің айтуынша, Израильдегі отандастарымызды елге қайтару үшін Қазақстанның елшілігі тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Арнайы WhatsApp тобын ашып, жан-жақтағы қазақстандықтар туралы мәлімет жинап жатыр. Дәл қазір арнайы ашылған чатта 244 адам бар екені анықталған. Тіптен елден арнайы ұшақтың баратынын білген өзге елдің азаматтары бас сауғалайтын жер таппай, «Қазақстанға алып кетіңдер» деп жалынып жатқан көрінеді. 

«Израильге жуырда ғана келгенбіз. Оқудың алғашқы айының стипендиясы түскен еді, соған билет алып, Алматы арқылы келдік. Тағылымда үш ай болуы тиіс еді. Соның екі күнін ғана өттік.

Израильдегі Қазақстанның өкілетті және төтенше елшісі бізге жақсы көмектесті. Пәтеріміздің алдына дейін келіп, алып кететін көлік ұйымдастырып берді. Қорқышынты жағдайды көзбен көрдік. Халық бас сауғалайтын жер таппай жатыр.

Топқа өзге елдің азаматтары да кіріп алған, олар «балаларымызбен қоса алып кетіңдерші, Қазақстанға жетсек болды, далада түнесек те бұл жақтан кетсек болды» деген өзге шетелдіктерді де көрдік. Бірақ олар ұшаққа сыймайды. Таңға жуық Хайфадан шығып, Тель-Авивке жеттік. Әуежай толған халық, тыныш жаққа кеткісі келетін адамдар өте көп. Тіптен Изарильге емделуге келген адамдар да көп екен. Ота жасатып, қайтуға жолға жарамаған соң қалып қойған адамдарды да білдік. Олар қазір «Бомбоубежищеде» өмір сүріп жатыр. Бомбадан сақтанатын жерге дәрігерлермен бірге түсіп кетеді екен. Елге қайтқысы келетін адам көп. Ұшаққа алдымен балаларды және әйелдерді отырғызады. Біз де күту залына өттік. Оқуды кейін жалғастырамыз ба, жоқ па, ол жағы әлі басы ашық күйінде қалды», - деді Ақтөбе қаласынан Израильге барған Қарлығаш Келдібаева.