Тоқаев Қызылорда облысына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Тоқаев Қызылорда облысына барды
Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында Президент Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылына барады және еңбек адамдарымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында салынып жатқан жаңа әуежай терминалымен танысып, бірқатар нысанды аралап көреді.