Израильдегі қазақстандықтарды алып қайтатын рейс Тель-Авивке ұшып кетті

Тель Авивтен қазақстандықтарды алып қайтатын Air Astana ұшағы Астана уақытымен бүгін таңғы 08.00 кезінде Алматыдан ұшып кетті, деп хабарлайды Paryz.kz агенттігі компанияға сілтеме жасап. 

Израильдегі қазақстандықтарды алып қайтатын рейс Тель-Авивке ұшып кетті
Фото: Air Astana

Қазақстандықтарды мінгізіп, кері қайтатын рейс жергілікті уақытпен бүгін түнгі 23.45 шамасында Алматыға қонады. 

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанның Израильдегі өз азаматтарын қалай эвакуациялайтынын хабарлаған едік.