Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ұлттық ұлан сарбазы өз-өзін атып өлтірді

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 қазанда сағат 01:20 шамасында Теміртау қаласынан шақырылған 6636 әскери бөлімінің сарбазы кезекші бөлімшенің құрамындағы қызметі кезінде өз басына оқ атып, көз жұмған.

Ұлттық ұлан сарбазы өз-өзін атып өлтірді
фото: Halyq Uni

Қазір қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр. Ұлттық ұлан сарбазының өліміне қатысты қызметтік тергеу басталды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сарбаз өліміне қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Ұлттық ұлан ҚР Ішкi iстер органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi және жеке бастың, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қолсұғушылықтардан қорғауға арналған.