Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

1 трлн теңге қайда кетті? - Депутат сақтандыру қорындағы жемқорлық жайлы

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Үкімет сағатында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы жемқорлық жайлы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz.

1 трлн теңге қайда кетті? - Депутат сақтандыру қорындағы жемқорлық жайлы
фото: Арман Мухатов

Өкінішке қарай, МӘМС жүйесінде, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жемқорлық мәселесі бар. Онымен жүйелі түрде күресу керек. Олай істемесек, мемлекеттік барлық саясаты құрдымға кетеді. Бүгінде қылмыстық істер қозғалып жатыр ма? Мысалы, 2023 жылы Астана қаласының прокуратурасы тексеріс жүргізген. Нәтижесінде 2 500 адамды, яғни «мертвые души» дейді соларды қоя берген. Олар – өлген адамдар. Іс жүзінде олар ауырмаған, кейбірі тіпті қайтыс болып кеткен. Кейбірі Астана қаласында тұрмайды. Алайда олар медициналық қызмет алып жүрген, - деді ол.

Депутаттың сөзінеш, салдарынан бюджетке жүздеген млн теңге шығын келтірілген. Қылмыстық іс қозғалды дегенде тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Қайда қылмыстық іс? Сіз (Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният – ред.) айтқан қылмыстық істер қайда? Осы жерде қылмыстық іс қозғау керек. Мемлекет қаржысы жымқырылды ғой. Статистикаға жүгінейін. СҚО-да бюджетке 847 млн теңге шығын келген. Жалпы 2019 жылы 291 млн теңге, 2020 жылы – 240 млн теңге, 2022 жылы – 403 млн теңгеге орысша айтқанда «мертвые душиға» екі есе төлем жасап, жылжыту арқылы бюджетке қомақты шығын келтіріліп жатыр. Сіздерден қылмыстық істерді қашан күтеміз? Бюджеттің ақшасын толық сыпырып алғаннан кейін қылмыстық іс қозғайсыздар ма? Қашан? – деп сұрады Базарбек.

Депутат бұған министрдің қатысы бар екенін айтты.

Екіншіден, бұған не министрдің немесе қордың қатысы бар. Қордың қатысы болмаса, қылмыстық іс қозғау керек. Мұнда құр сөздің керегі жоқ. 2023 жылы денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге бөлінді. Бұған министр өзі депутаттарға есеп берді. Өкінішке қарай, 1 трлн теңгенің қайда кеткенін министр осы уақытқа дейін есеп берген жоқ. 1 трлн теңге қайда кетті? Қалтаға түсті ме? Кімнің қалтасына түсті? Оның қайда кеткенін біз біле алмай жүрміз. Біз мәселені жемқорлықтан бастауымыз керек. Жемқор осында (Мәжілістегі Үкімет сағатында) отырған шығар, - деді депутат Бақытжан Базарбек.