Мұғалімдер тестілеуден мүлдем босатылады

Биылдан бастап ұстаздар қауымы әдістеме мен педагогикаға қатысты тестілеуден мүлдем босатылады, деп хабарлайды Paryz.kz.

Мұғалімдер тестілеуден мүлдем босатылады
Фото: edu.mcfr.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев құр әурешілікті азайтып, мұғалімдердің сапалы білім беруіне мейлінше көңіл бөлінетінін айтты. Әсіресе, ұстаздарды аттестациялаудан өткізу тәртібі тағы бір пысықталады.

Сондай-ақ біліктілігін арттыру үшін мектеп қабырғасында сабақ беретін мұғалімдер саналы өмірінде жиған-терген сертификат, мадақтама қағаз, дипломдарын көшірмеден өткізіп әуре-сарсаңға түсетін. Қазір барлық құжат электронды форматта сақталатындықтан, бұған дейін талап етілген бұл норма да алынып тасталды.