Шымкентте бір топ жігіт ұрыға білмей көмектескен, деп хабарлады Paryz.kz.
Полиция қызметкерелрінің мәліметінше, Абай аудандық ПБ-ның «102» арнасына жергілікті тұрғын үйінің ауласындағы автотұрақтан мопед ұрланғанын айтып арызданған. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 400 мың теңге.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы («Ұрлық») бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына кірісті. Жедел басқару орталығының көше камераларын тексеру кезінде ұрлық болған маңнан бір топ жігіттің мопед сүйреп шыққаны көзге түсті. Кейін жас жігіттің олардан «бұзылған мотокөлігін» жолдың шетіне дейін шығаруға көмек сұрағаны анықталды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде заң бұзушы тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Мопед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу барысында күдікті ұрланған мүлікті 2 шақырымға дейін жалғыз сүйреп, өз үйіне жеткізгені белгілі болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Абай аудандық ПБ-ның тергеушісі Мұхтархан Дүйсенбаев.