Алматы облысында екі кішкентай қызды зорлады деп ұсталған күдіктінің әйелі де қамалды

Алматы облысында бір үйдің екі кішкентай қызын зорлады деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Алматы облысында екі кішкентай қызды зорлады деп ұсталған күдіктінің әйелі де қамалды
Фото: inform. kz

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің қыздың әпкесін де зорлауға қатысы бар екені анықталды.

«Күдіктінің әйелі де қамауға алынды. Сараптамалық тексерулер тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істі тергеу облыс полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында»,- деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесін сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.