Таразда көпқабатты үй өртеніп, бір адам қайтыс болды. Тағы үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Paryz.kz.
Дәрігерлердің айтуынша, денесінің 30 пайызын күйік шалған әйелдің жағдайы ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал оның баласы 15 пайыз жарақатпен палатада ем қабылдауда, деп жазды Хабар 24.
Зардап шеккен үшінші науқас – өрт сөндіруші. Төтенше жағдайлар қызметкері құтқару кезінде жеңіл күйік алған. Айта кетейік, оқыс оқиға төртінші қабаттағы пәтерде болды. Өртті сөндіруге 50 -ге жуық маман мен 14 техника жұмылдырылды.
Өрт болған кезде үйдің 50 тұрғыны далаға шығарылды. Оның 20-сы бала. Оқиға орнында 1981 жылы туған ер адамның денесі табылды. Қазір оқиғаның себеп-салдары мен шығын көлемі анықталып жатыр, - деді облыстық ТЖД ресми өкілі Карина Карташова.