Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қылмыс әлемінің серкесі "Серік Голова" 19 жылға сотталды

Еске сала кетсек, Серік Жаманаев 1996 жылы Ресейдің Сочи қаласында "вор в законе" деген мәртебе алған.

Қылмыс әлемінің серкесі "Серік Голова" 19 жылға сотталды
фото: ҰҚК

Атышулы қылмыстық авторитет "Серік Голова" – Серік Жаманаев 19 жылға сотталды, деп хабарлады paryz.kz.

Сот үкімімен Серік Жаманаев 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол кесілген жазаның 14 жылын аса қатаң мекемеде өткізсе, қалған 5 жылын толық қатаң түрмеде жалғастырады.

С.Жаманаевқа "ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, күш қолдану арқылы адамдарды бопсалады, абайсызда кісі өлтірді" деген айыптар тағылған.

Бұл ретте мемлекеттік айыптаушы да С. Жаманаевты 19 жылға соттауды сұраған.

Еске сала кетсек, Серік Жаманаев 1996 жылы Ресейдің Сочи қаласында "вор в законе" деген мәртебе алған. Ол өткен жылдың ақпанында ҰҚК мен ІІМ-нің бірлесіп жүргізген операциясы кезінде қолға түсті.