Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

Алматы облысында полиция қызметкерлері бүлдіршін қызды зорлаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

3 қазан күні Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасының сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны туралы айтып полицияға жүгінді.

«Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыс жасады деген күдікпен жедел қызметкерлер 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады», - деді Алматы облысы ПД басшысы Бауыржан Әленов.

ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-баптың 4 - бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері).

Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, бұл қылмыстық фактіні шешуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, 1981 жылғы жәбірленушінің апасы болып табылатын күдіктінің әйелі де қамаққа алынды.

Істі тергеу Алматы облысы ПД басшысының ерекше бақылауында.