Әлемде коронавирустың жаңа түрі «Пирола» тарады. Ол «Омикрон» нұсқасының мутацияланған түрі, деп хабарлайды Paryz.kz.
Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, Денсаулық сақтау министрлігі қандай да бір шектеулер енгізу, шекараларды жабу жоспарда жоқ деді.
Коронавирустың алдын алу үшін қажетті вакцина бар. Оны жергілікті жерлердегі емханаларда салдыруға болатынын айтты.
Ғалымдардың айтуынша, «Пирола» штаммы бұрын коронавируспен ауырған және екпе алған адамдарға аса қауіпті.
Мутациясы көп болғандықтан, препараттарға төзімді келеді. Министрлік жаңа штамм Қазақстанда тіркелмегенін айтты.