Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда қаңғыбас ит-мысыққа 178 млн теңге бөлінген

Биыл Алматыда қаңғыбас жануарларды аулауға және күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 178 589 000 теңге бөлінген, деп хабарлайды Paryz.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап. 

Алматыда қаңғыбас ит-мысыққа 178 млн теңге бөлінген
Фото: Halyq Uni

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметінше, қаладағы иесіз ит-мысықттың есебі жүргізілмейді. 

Алматы қаласы бойынша «Таңба» ақпараттық жүйесінде 133 306 үй жануары тіркелген, иесіз жануарлардың есебі жүргізілмейді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарына тегін чиптеу жұмысын жүргізу бойынша ағымдағы жылға қаражат бөлінбеген, - деді басқарма. 

Алайда қалада 2016 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен тегін чиптеу бағдарламасы іске асырылып келеді. Биыл тегін чиппен қаладағы 15 мың үй жануарларын қамту жоспарланып отыр. 

2023 жылға Алматы қаласындағы қаңғыбас жануарларды аулауға және күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 178  589 000 теңге бөлінді. Қаңғыбас, ауланған жануарлар, Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, Спасская көшесі, №150/1 мекенжайында орналасқан уақытша ұстау пунктінде ұсталады, - деді басқарма.